«Хотя бы в кино»: Жемқор шетелге қашты ма?
Қазынаны тонаған шенді шетелге қашып кете ме, әлде абақтыға аттанды ма? Оны бүгіннен бастап көрерменге жол тартқан «Хотя бы в кино» комедиясынан біле аламыз. Туындыда өңі тұрмақ, түсіне кірмейтін жағдайға тап болған парақор шенеуніктің хикаясы бейнеленген.
Автор: Диана Қадыр
25.03.2022
Шенеунік ескірген емхананы жөндеп заманауи емдеу мекемесіне айналдырамын деген сөзі тек құрғақ уәде болады. Жемқорлығы әшкере болған соң шетелге қашу үшін түрлі айлаға барады.
Гүлназ Жоланова, актриса:
- Басты месседж жемқорлық. Жемқорлықтан көріп жатқан зардабымыз. Медицина саласы, білім саласын көрсетіп жатады. Егер де осы киноны көрген он адам қағидасын көзгертсе, мақсатымыздың орындалғаны.
Сотталатынын естіген шенеунік есінен танып қалады. Оны тоз-тозы шыққан, өзі жөндеуге тиіс болған емханаға жеткізіледі. Ал ақшаны қалтаға басқан шендіні Қайрат Әділгерей сомдаған. Алғашқы басты рөлі болғандықтан, ол уайымдағанын жасырмады.
Қайрат Әділгерей, актер:
- Алматы облысында түсірілген кезде күн салқын болды. Ал Маңғыстау түбегіне келген кезде күн ыстық болды. Бозжыра шатқалында түсірдік . Жаңаөзен қаласындағы Сейнек ауылында түсірдік. Құм үстінде ыстық болды. Қиын болғаны рас. Бұл алғашқы басты рөлім болғандықтан қатты уайымдадым. Уайымым қазір сейілді. Себебі, халықтың, көрерменнің көңілінен шығып жатыр.
Сценарий арнайы Қайрат Әділгерей және Даурен Серғазиндердің тұрпатына лайықталып жазылған.Туындының басты идеясы әлі тұтылмаған жемқорлардың санасына ой салу. Шенеуніктің шытырманға толы оқиғасын енді еліміздің барлық кинотеатрларынан көре аласыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!