ШҚО: Таулы аймақтарда қар көшкіні болу қаупі бар
Шығыс Қазақстан облысындағы таулы аймақтарда қар көшу қаупі жоғары. Мамандар апаттың алдын алу үшін Өскемен - Самар тас жолы бойындағы қатпарларда жарылыс жасады.
Автор: Ұлан Нұрахмет
25.03.2022
Жаңғырығы құлақ тұндыратын жарылыстан адам аяғы жетпейтін шыңдардағы 13 мың текше метр қар көшті. Облыс бойынша көшкін жүруі ықтимал 500-ге жуық қауіпті аймақ бар. Соның 336-сы тас жолдарға тым жақын орналасқан. Сондықтан ол аумақтарға арнайы ескерту белгілері қойылған. Қардың қалыңдығын өлшеп, күнделікті мониторинг жасап отыру үшін жауапты мамандар тағайындалған. Дегенмен селден қорғау мекемесінің мамандары тұрғындарға аса сақ болуды ескертуде.
Омар Дузгумбаев, «ҚазСелденҚорғау» мекемесі ШҚО филиалының басшысы:
- Бақылаушылар күнделікті мәліметтерді хабарлап отырады. Бүгін Өскемен Тайынтты - Самар бағытында 95-ші, 102-ші, шақырымда алдын алу жұмыстарын өткіздік. Төрт рет қар жарылып, 13 мың текше метр қар түсірілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!