{metadescription}
«Дегдар»: Өскеменде 200 отбасыға тегін азық-түлік таратылды
«Дегдар»: Өскеменде 200 отбасыға тегін азық-түлік таратылды

«Дегдар»: Өскеменде 200 отбасыға тегін азық-түлік таратылды

Өскемендегі жағдайы төмен 200 отбасыға тегін азық-түлік таратылды. Бұл сый-сияпатты Наурыз мерекесі қарсаңында «Дегдар» қоры әкелген. Салмағы 65 келі тартатын азық-түлік себеті соғыс, еңбек және тыл ардагерлері мен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға үлестірілді.

Жабыққанға жебеу, тарыққанға демеу болатын  қор жыл сайын ардагерлерге, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік себетін үлестіреді. Жылдағы дәстүр биыл да бұзылған жоқ. 

Сағынбек Аханов, «Ардагерлер ұйымы» бірлестігінің Өскемен қаласы  филиалы төрағасының орынбасары:

- «Дегдар» республикалық қайырымдылық қорымен байланысымыз жылдан-жылға нығайып келеді. Өткен жылы 1-қазан Қарттар күніне әкелген болатын. Оның алдында Жеңістің 75 жылдығына ардагерлерді, жалғызбасты адамдарды, аз қамтылған отбасыларды азық-түлік сыйлығымен қамтып келді. Биыл тағы 200 адамға келді.

Азық-түлік себетінің ішінде бәрі бар. Тұрмысқа қажет тауарлармен қатар көкөніс, күріш, макарон өнімдері, қарақұмық, консервіленген ет пен шайды да табасыз. Жалпы салмағы 65 келі тартатын азық-түлік себеті елімізде 1000-ға жуық отбасыға берілді.

Нина Ошлакова, Өскемен қаласының тұрғыны:

- Маған керектінің бәрін алып келіпті. Май, картоп, макарон бәрі бар. Мұндай қамқорлықты күтпеп едім. Қуаныштымын. Рақмет!

Қор әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға 20 жылдан бері  қолдау көрсетіп келеді. Қор қызметкерлері азық-түліктің әр қалаға таратылуын жіті қадағалап отырады. Қиналғанға көмегін аямайтын қор қайырымдылық шарасын биыл Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында өткізіп, Өскеменде қорытындылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.