{metadescription}
0:000:00
Ақтөбе ұн таппай отыр; Орынбормен шекарада 35 вагон қаңтарылып тұр

Ақтөбе ұн таппай отыр; Орынбормен шекарада 35 вагон қаңтарылып тұр

Ақтөбеде нан тапшылғы сезілуі мүмкін. Өңірдегі ірі наубайханалар ұн таппай отыр. Ресей бидай өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салғалы, Орынбормен шекарада бидай толы 35 вагон қаңтарылып тұр.

Ақтөбе жұртын нанмен қамтып отырған ең ірі наубайхананың қорында небәрі жарты айға жететін шикізат қалыпты. Көрші елдегі шаруаларға ақшасын төлеп, «міне жеткізеді» деп отырғанда шекарадағылар жібермей қойған. Енді екі мың тонна бидайды қалай алдырамыз деп басы қатып отыр.

Ақтөбедегі наубайханалар бидайдың жетпіс пайызын елімізде шаруалардан  сатып алады. Ал қалғанын көктемде көрші елден тасиды. Орынбордан жеткізуге қатынас та, ақшасы да қолайлы дейді кәсіпкерлер. Енді қорды екі апта ішінде толтырмаса, наубайхана жұмысын тоқтатып, Ақтөбе нансыз қалауы мүмкін. Ал кәсіпкерлер палатасындағылар мәселені үкімет деңгейінде шешпесе, жергілікті билік қауқарсыз екенін айтады.

Руслан Күйшінов, «Атамекен» ҰКП Ақтөбе облысы филиалы директорының орынбасары:

- Біз бұл мәселені Ресей тарапымен, Орынбор  облысының бизнес-омбудсменімен де онлайн-режимде талқыладық. Бидайды елге өткізуге қатысты өтініш хатымызды да ресейліктерге жолдадық. Қазір енді ол жақтан жауап күтіп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде