{metadescription}
Теректің астында өлген баланың отбасына көмек көрсетіледі – Тараз
Теректің астында өлген баланың отбасына көмек көрсетіледі – Тараз

Теректің астында өлген баланың отбасына көмек көрсетіледі – Тараз

Таразда құлаған терек басып өлтірген жеткіншектің отбасына әкімдік көмек көрсететін болды. Бірақ нақты қандай жәрдем берілетіні әзірге белгісіз.  Қайғылы жағдай бойынша ешкім жауапқа тартылмауы мүмкін. Өйткені жуан ағашқа екі жыл бұрын санитарлық қырқу жүргізілген.

Ал оның тамырымен қопарылуына жаңбырдан жер қыртысының босаңсуы  себеп болған. Ылғалдан әзер тұрған кәрі ағашты дүлей дауыл құлатқан. Дегенмен аталмыш дерекке қатысты жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр.

Аялдамада автобус күтіп тұрған ана мен баланы жуан терек басып қалған еді. 12 жастағы жеткіншек сол жерде тіл тартпай кетсе, анасы аман қалған. Таразда он күнен аса жауын-шашын болып, жылдамдығы секундына 28 метрге жететін күшті жел соққан еді.

Зарина Қуаттегі, Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі:

- Қалада 80-нен астам тал құлады. Оның басым бөлігі қураған. Көбісі тамырымен қопарылып құлаған. Бірақ  Бірақ саябақтың бойында құлаған тал, өкініштісі, бала өліміне себепші болып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде