{metadescription}
Елордада вакциналау пунктерінің басым бөлігі жабылды
Елордада вакциналау пунктерінің басым бөлігі жабылды

Елордада вакциналау пунктерінің басым бөлігі жабылды

Елордада сауда орталықтарындағы вакциналау пунктерінің басым бөлігі жабылды. Бұған эпидемиологиялық ахуалдың жақсарғаны себеп болыпты. Вакциналау науқаны кезінде ел астанасында 20-дан астам егу пункті жұмыс істеген.

Коронавирусқа қарсы вакцина елордалықтарға 11 сауда, ойын-сауық кешені мен базарларда, әуежай, теміржол вокзалдары, емханалар сияқты халыққа ыңғайлы жерлерде егілді. Бүгінгі күнге шейін 473 мыңнан астам тұрғын иммунизацияны толық жасатқан. Қаланың денсаулық сақтау басқармасы эпидемиологиялық жағдай оңала түскен соң, екі-ақ егу пунктін қалдыруды ұйғарыпты: «Әбу Даби Плаза» сауда, ойын-сауық орталығы мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалы.

Қаладағы 26 емханада Covid-ке қарсы екпені салдыртуға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде