{metadescription}
Шашубайлықтар: Балқаш көліне кәріз суы құйылып жатыр
Шашубайлықтар: Балқаш көліне кәріз суы құйылып жатыр

Шашубайлықтар: Балқаш көліне кәріз суы құйылып жатыр

Балқаш көліне кәріз суы құйылып жатыр. Шашубай ауылының тұрғындары осылай деп дабыл қағуда. Осыны естіген белсенділер мен Балқаштың кәріз жүйесіне жауаптылар лас су басқан көл жағасына жиналды.

- Мынау, міне, Балқаш көлі. Қазаншұңқырның асты су шайып кеткен, судың бәрі ағып ана көлге барып құйылып жатыр. Мынау содан ағып жатқан кәріз суы. Мұз ,қыс бойы аққан, қатып жатқан, міне, көл жағасы.  

Белсенділер Балқаш су компаниясы басшылығына көлге ағып жатқан кәріз суын көзіне шұқып тұрып көрсетіп жүр. Алайда жауапты мекеме бұл даладағы еріген қар суы деп дес бермейді. Тұрғындар осы маңдағы кәріз суы жиналатын қазаншұңқырдың тесілгенін қыстан бері айтып келеді. Қар ерімей тұрып ақ сары түсті лас су далаға жайылып жатқанын елдің бәрі көрген. Бірақ Балқаш қаласының қалдық суына жауапты мекеме қолында тексеру қорытындысы барын айтады. Экологтардың өздері де коммуналдық мекеменің сөзін растап тұр.

Шолпан Өтебаева, Қарағанды облысы экология департаментінің инспекторы:

- Қардың еруіне байланысты далада ағып жатқан судың қайдан келіп жақтанын анықтау мүмкін емес. Бірақ бұл ағын су жағалауға жетпеген. Балқаш көліне сырттан ешқандай су құйылып жатқан жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде