{metadescription}
Ұшақтар Ақтөбе әуежайына тек күндіз қонатын болды
Ұшақтар Ақтөбе әуежайына тек күндіз қонатын болды

Ұшақтар Ақтөбе әуежайына тек күндіз қонатын болды

Ақтөбе әуежайына ұшақтар тек күндіз ғана ұшып-қонатын болады. Бұған дейін авиация әкімшілігі өкілдері ұшу жолағын 10 күнге жауып тастаған. Енді сәл де болса жеңілдік беріпті.

Комиссияның бұйрығымен әуежайдағылар екі апта ішінде ұшу жолағындағы 200 плитаны ауыстырған. Бірақ осы жолы да тексерушілердің көңілінен толық шықпады. Сондықтан әуе кемесінің Ақтөбеден қараңғыда ұшып-қонуына тыйым салып отыр. Онымен қоса ұшақты тек жөнделген аумаққа ғана қондыруға рұқсат. Енді алаңды толық пайдалану үшін қалған бөліктегі плиталарды ауыстыру керек.

Алдын ала билет алған жолаушылар әлі сергелдеңде жүр. Ақтөбемен әуе қатынасының кестесі әлі реттелмеді.

Әуежайға былтыр ғана Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың аты берілген болатын. Енді Оралдағы әуежай да батыр қыздың атымен аталады. Ол жақта Мәншүк Мәметова есімін ұлықтауды жөн санаған. Онымен қоса әуежай ғимаратының құрылысы бітіп тұр. Ол үшін қазынадан 7 миллиардқа жуық теңге жұмсалған. Құрылыс жұмысына байланысты оралдықтар рейстерін екі жыл бойы әуежай маңындағы шағын вагондарда күтуге мәжбүр болды. Жергілікті билік жаңа ғиамартты жақында ашамыз деп отыр.

Нұрхат Жанбоз, БҚО әкімінің баспасөз хатшысы:

- Мәншүк Мәметованың 100 жылдығын тойлаймыз. Осы мерекелік айтулы шара қарсаңында біздің халықаралық әуежайға Мәншүк Мәметова есімі берілген. Әуежай толық ашылуға дайын. Дегенмен қазір құжат рәсімдеу жүргізіліп жатыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде