Көшенің қақ ортасында жолаушы мінгізетіндер жауапқа тартылады
Алматыда көшенің ортасында тоқтап жолаушы мінгізетін жүргізушілер жауапқа тартылады. Қауіпті жағдайды туындатып көлік қозғалысына кедергі келтіретіндерге айыппұл салу үшін қаладан шығаберіс жолдарға қосымша бірнеше бақылау камерасы орнатылады.
Автор: Диана Қадыр
28.03.2022
Кешкі қарбаласта жол белгілеріне жүргізушілер де, жолаушылар да қарамайды. Патрульдік полицияның да рейді нәтиже бермеді. Кейде такси тоқтатпақ болғандар жолдың ортасына дейін шығады. Жаңа камералар бір күнде осындай 100-ден аса әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеген. Жол ережесін елемегендер 10 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды.
Аманбек Нұрлан, Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы:
- Халықтың сұрауымен «Сергек» камераларын тағы тоғыз жерге қоямыз. Бұған дейін жұмыс атқарылған. Жол патрульдік полиция қызметкерін де, белгіні де қойып. Енді айыппұлмен адамдар тез тәрбиеленеді деп ойлаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!