{metadescription}
Алимент төлемей қылмыстық жауапқа тартылған еркектерге ...
Алимент төлемей қылмыстық жауапқа тартылған еркектерге ...

Алимент төлемей қылмыстық жауапқа тартылған еркектерге ...

Үш жүзден астам қазақстандық алимент төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның тең жартысынан көбі  бас бостандығынан айрылып түрмеге аттанған. Өткен жылдың статистикасын әділет министрі Қанат Мусин осылай түйіндеді.

Биыл 8 мың азамат алимент төлеуден жалтарып жүр. Министр Мусиннің айтуынша, азматтардың өз баласына тиесілі ақшаны бермеуінің себебі әртүрлі: бірі дер кезінде тиісті қаржы таба алмаса, енді бірі әдейі жалақысын төмендетіп қитұрлық әрекетке барады.

Заң өкілдерінен қашып ұстатпай жүретіндері де жетерлік. Өткен 2021 жылы сот орындаушыларына жалпы сомасы 9 триллион теңгеден асатын 7 миллионға жуық құжат түскен. Борышкердің тұрақты табысының  немесе тәркілеуге болатын мүлкінің болмауына байланысты 2 жарым  триллион соманы өндіру мүмкін болмай, 600 мың құжат арызданушыларға кері қайтарылған.

Енді Әділет министрлігі алимент төлеуден жалтарғандарды жазалау үшін жеке сот орындаушыларының құзіретін кеңейтуді көздеп отыр. Табысы жоқ борышкерлерді жұмысқа орналастыру мәселесін де қарастырады. Жұмыссыздардың бір балаға төлейтін ай сайынғы алимент көлемі 15 мың теңге боп бекітілген.  

Қанат Мусин, ҚР Әділет министрі:

- Егер заңды түрде жеке сот орындаушысында әкімшілік хаттама жасау құқығы пайда болса, бұл құқық бұзушылардың санын едәуір азайтып, оларды тезірек жазалауға ықпал етер еді. Біз қазір атқарушылық іс жүргізу туралы жаңа заңның тұжырымдамасын әзірлеудеміз. Онда біз сот орындаушысының дәл осындай өкілеттіктерін белгілейміз. Өткен жылы біз алимент бойынша 2,5 мыңнан астам борышкерді жұмысқа орналастырдық. Біз әлеуметтік жұмысты да жүргізуге тырысамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде