{metadescription}
Ұлттық экономика министрі: Теңге тағы нығая түседі
Ұлттық экономика министрі: Теңге тағы нығая түседі

Ұлттық экономика министрі: Теңге тағы нығая түседі

Доллар әлі де арзандап, теңге нығая түседі. Ұлттық экономика министрі АҚШ ақшасын бағамдай келе, ұлттық валютада оң өзгерістер болады деп қуантып отыр. Бас экономистің болжамынша, Қазақстан мұнай бағасының өсуі есебінен де қосымша пайда табады. 

Таңғы сауда қорытындысы бойынша АҚШ доллары тағы 10 теңгеге арзандап, 473,61 теңгеге дейін түсті. Үкімет мұнай нарығындағы жағдай мен Каспий құбыр желісі консорциумындағы проблеманы ескеріп отыр. Қазір мұнай бағасы барреліне 110 доллар шамасында. Ал біздің бюджетте баррелі 60 доллардан деп есептелген. Сәйкесінше мұнай бағасы 60 доллардан жоғары болса, бұл қазынаға қосымша түсім. 

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Доллар бағамын қайта қарастырамыз. Қазір бағам бір долларға 500 теңгеден төмен екенін көріп отырмыз. Тиісінше, жыл бойынша төмен болады. Қазір бағам тұрақталып келеді, ревальвация басталды. Менің ойымша, оң өзгерістер болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде