{metadescription}
Үш облыстың бюджеті 30-40 пайызға қысқартылады
Үш облыстың бюджеті 30-40 пайызға қысқартылады

Үш облыстың бюджеті 30-40 пайызға қысқартылады

Қарағанды, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының бюджеті 30-40 пайызға қысқарады. Үнемделген қаражат олардан бөлініп шығатын Ұлытау, Жетісу мен Абай облыстарына кетеді. Оның сыртында үш облысқа республикалық бюджеттен қосымша ақша бөлу жоспарланып отыр.

Ұлттық экономика министрі облыстардың шекарасы белгіленген соң есеп-қисап әлі нақтыланады деп отыр. Жаңа облыстардың шекарасы мен тыныс-тіршілігін реттеуге кіріскен арнайы комиссия әлі екі айдай жұмыс істейді. Ал үш облысқа қосымша қаражатпен қоса, Қарағанды, Алматы және Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктерінің 30-40 пайыз қызметкері қоныс аударуы тиіс. Болжам бойынша әзірге осы жеткілікті. Қажет болып жатса қосымша маман тарту мәселесі қарастырылады.

Жаңа облыстарға әкімдік қызметкерлерімен қоса орталық аппарат өкілдері де ауысады. Ол түрлі министрліктегі қаптаған комитетттердің өңірдегі аумақтық департамент қызметкерлері. Оларды да жаңа орынға жайғастыру қажет.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Мемлекеттік кіріс комитеті, экономика министрлігінің монополияны реттеу комитеті. Комитеттер көп. Олардың әр өңірде аумақтық құрылымдары бар. Оларды да бөлу керек. Өйткені жаңа облысқа, жаңа аудандарға өз қазынасы қажет, яғни бұл мәселелерді кешенді шешу қажет. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.