{metadescription}
КВИ: Ұжымдық иммунитет қалыптасты; Prizer салуға рұқсат
КВИ: Ұжымдық иммунитет қалыптасты; Prizer салуға рұқсат

КВИ: Ұжымдық иммунитет қалыптасты; Prizer салуға рұқсат

Қазақстанда коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасты. Prizer вакцинасын бәріне салуға рұқсат етілуін үкіметтегілер осылай түсіндіріп отыр. Әрі америкалық препаратқа сұраныс жоғары. «Үкімет соны да ескерді», - дейді вице-премьер Ералы Тоғжанов.

Жалпы бүгінге дейін 10 миллионға жуық отандасымыз Covid-19 қарсы вакцина алған. Бұл екпе алуы қажет тұрғындардың 80 пайызы.

Бұған дейін Prizer ревакцинация үшін алдымен 60 жастан, кейін 50-ден асқан адамдарға салынған. Ал 24-наурыздан бастап денсаулық сақтау министрлігі америкалық екпені алатын азаматтар санатын кеңейтті.

Қазір Үкімет қорында 3 жарым миллион доза екпе болса, оның екі миллионы – Prizer.  VeroCell, Sputnik-V және отандық QazVac вакциналары жеткілікті. QazVac екпесі айына 500 мың дозадан шығарылып жатыр. 

Ералы Тоғжанов, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

- Негізгі мақсат халыққа жағдай жасау. Оның ішіндегі орта және шағын бизнес қазір 100 пайыз дейгейде бәріне жұмыс істеуге мүмкіндік тудырып отыр. Біз шекарадағы сұрақтарға шектеулер алып тастаған жоқпыз. Оның ішінде 33  мемлекетпен паспорт вакцинация дейміз, мойындалған елдер тікелей кіруге мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар вакцина алған азаматтарды ПТР-тестсіз енгізуге де мүмкіндіктері бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде