{metadescription}
Бүтін бір ауылдың тұрмыстық техникасы күйіп кетті – Жамбыл облысы
Бүтін бір ауылдың тұрмыстық техникасы күйіп кетті – Жамбыл облысы

Бүтін бір ауылдың тұрмыстық техникасы күйіп кетті – Жамбыл облысы

Жамбыл облысында жоғары кернеулі тоқтан бүтін бір ауылдың тұрмыстық техникасы күйіп кетті. Тоңазытқыш, теледидар, кір жуғыш машина және тағы басқа да құрылғылар істен шыққан. Бір күнде шығынға батқан бұқара не істерін білмей жыларман күйде. Электр кернеуінің көбеюіне не себеп болды және тұрғындарға өтемақы беріле ме?

Шөлдала ауылының тұрғыны Алмагүл Омарова ашуын кімнен аларын білмей жүр. Үйіндегі әзер қол жеткізген тұрмыстық техникаларының бәрі жанып кеткен. Ең қымбаты – тоңазытқыш, теледидар, кір жуғыш машинасы. Зейнеткер кемі 500 мың теңгеге шығынға баттым дейді.

Алмагүл Омарова, Шөлдала ауылының тұрғыны:

- Екі күннің бірінде теледидар күйеді. Тоңазытқыш күйіп кетті. Бүкіл ауылда осылай. Бұны кім төлейді. Осылай қайта-қайта телевизор сатып алуымен жүреміз бе?!

Екі күн бұрын аймақта күшті жел тұрған. Тұрғындар сол кезде электр қуатының мөлшері күтпеген жерден артып кетіп, тоққа қосулы қондырғылар жаппай жанып кетті дейді. Қазір бәрі жарамсыз. Жарықсыз қалған баспаналар да бар. Тіпті кейбірі сусыз отыр. Өйткені су сорғыш та істен шыққан. Жұрттың сөзінше, бұл жағдайға шенділердің салғырттығы себеп.

Әліқұл Әсемқұлов, Шөлдала ауылының тұрғыны:

- Жаңа тартылған желінің залалын көріп отырмыз. Өйткені бұған дейін жарық өшкенімен техника ешқашан күймейтін. Өйткені жаңа тартылған желі қалай болса солай жүргізілген. Ескі линияның ашық сымдарымен айқасып, шатасып, бәрі күйіп жатыр.  

Жергілікті билік бұл жағдайдан хабардар. Бірақ неліктен электр қуатының мөлшері шамадан тыс көбейіп кеткенін түсіндіре алмады. Дегенмен кінәлілерді анықтауға кірісіпті.

Жайықбай Шалдаров, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:

- Ауыл тоқты уақытша темір жолдан алып отыр. Біз алдымен анықтаймыз. Мамандар анық-қанығын жеткізіп береді. Сосын  жауапты адам болса, үйме-үй, қазір акті жасаймыз. Не күйді, не қойды дегендей. Сосын барып заңды түрде шешіледі.

Қазір нақты қанша үйдің тұрмыстық техникасы жарамсыз болып қалғаны белгісіз. Жергілікті билік санап, есептеу кірісті. Ал шықан шығын тоқ таратушы мекеменің мойнына артылатын болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде