Көкшетауда тапа-тал түсте алтын сататын дүңгіршік тоналды
Көкшетауда тапа-тал түсте алтын сататын дүңгіршік тоналды. Сатушылар ұрыны сол жерде ұстамақ болған, бірақ қаскөй көз ашытатын газ шашып қашып кеткен.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
29.03.2022
Ұрлық түскі уақытта болған. Сатушы тамақ ішуге шығып кеткен. Ешкім жоғын пайдаланған қаскөй дүңгіршектің есігін бұрауышпен ашып алтын әшекейлерді жинай бастаған. Сол сәтте дүңгіршік иесі келіп қалып, адамдарды көмекке шақырған. Барлығы жабылып жүріп есікті жауып ұстағанымен, әккі ұры газ шашып сытылып кетіпті. Полиция оны Нұр-Сұлтан қаласына кетіп бара жатқан жерінде ұстады. Қасында тағы бір 33 жастағы сыбайласы болған, ол қарауыл міндетін атқарған.
Гүлнәр Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Екеуі де Қарағанды облысының тұрғындары. Бұған дейін де бірнеше рет сотталған. Аз уақытта 1 миллион 328 мың теңгелі зат және ақшалай алып үлгерген. Қазір екеуі де уақытша тергеу абақтысында. Ұрлық бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Басқа да тонау фактілеріне қатысы бар-жоғы да тексеріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!