{metadescription}
«Қазақстан халқына» қоры сирек дертті төрт балаға қымбат дәрі алып берді   
«Қазақстан халқына» қоры сирек дертті төрт балаға қымбат дәрі алып берді   

«Қазақстан халқына» қоры сирек дертті төрт балаға қымбат дәрі алып берді  

Жұлынның бұлшықеті атрофиясының емі Қазақстанға да жетті. Бұрын бұл сырқатқа шипа болатын құны 1 миллард теңгелік Zolgensma препараты тек шетелде салынатын. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры сирек кездесетін дертке шалдыққан 4 бүлдіршінге қымбат дәрі алып беріп, балақайлардың алды емін алып үлгерді.  

Бақсиық Сатығалиев, Ақтөбе облысының тұрғыны:

Қызымның ауырғаны айдан асқанда белгілі болды. Қол-аяғы қимылсыз қалды. Емді осы Қазақстанда 27-наурызда алды. Бұрын шетелде алатын болса, енді өзіміздің Қазақстанда алып жатыр.  Қазір қызымның жағдайы жақсы. Бірқалыпты. Қызым төрт  айлық.

Жұлынның бұлшықеті атрофиясына шалдыққан тағы үш бүлдіршін 8-сәуірге дейін Zolgensma препаратын алып болады. «Қазақстан халқына» қоры тек қымбат дәрінің құнын төлеп қана қоймай, оны енгізетін мамандарды даярлау шығынын да қаржыландырады.

«Бұрын шекараның ар жағында ғана мүмкін болған емді елден шықпай-ақ атқаруға жағдай жасап жатырмыз», - дейді Қор өкілдері. Бүгінге дейін «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 72 мың донордан 125 миллиард теңгеден астам қаржы келіп түскен. Қор 175 азаматқа көмек қолын созған.  Оның ішінде қаңтар оқиғасынан зардап шеккендерге 500 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалған. Алдағы күндері Қор мұқтаж жандарға білім, онкология, трансплантология бағытында да көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

Әйгерім Есенәлі, «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі:

- Қаңтар оқиғалары кезінде ауыр жарақат алған 106 әскери қызметшілер. Қайтыс болған 19 әскерилердің отбасына көмек берілді. Одан кейін  кенет қайтыс болған 8 адамға көмек көрсетілді. Оның ішінде бесеуі кішкентай бала. Жақындарына да көмек көрсетілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.