Ұсыныс: Бидай өткізген шаруаларға мемлекеттен қаржы бөлу керек
Мәжілісмендер астық экспортын шектеуді ұсынды. Өйткені барлық бидай тек шикізат ретінде шетел асып жатыр. Соның салдарынан Қазақстанда ұн саудасы еселеп кеміген.
Автор: Елдос Есенбол
30.03.2022
Қазір қазақ ұнының үштен екісі Ауғанстанға экспортталады. Ал 2012-2020 жылдар аралығында Өзбекстан мен Тәжікстанға бидай экспорты төрт жарым есеге өскен. Есесіне ұн экспорты 3,6 есеге дейін азайған. Өйткені бидайды шикізат ретінде арзанға алатын бұл елдер ұнды импорттауды тоқтатты.
Олқылықтың орнын толтыру үшін мәжілісмендер ішкі нарықтағы сауданы субсидиялауды ұсынды. Яғни отандық диірменге бидай өткізген шаруаларға мемлекет есебінен ақша беруді қарастыру керек.
Аманғали Бердалин, Мәжіліс депутаты:
- Қазақстандық барлық ұн тарту кәсіпорындарының мүддесін ескеріп, ұнды экспорттау кезінде көлік шығыны субсидияларын қайта қарау керек. Қазір орын алған жайдайлар шикізатты Қазақстанның батыс, оңтүстік өңірлерінің ұн тарту орындарына жеткізу ескерілмейді. Олар тоннасына 79 мыңды құрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!