Министр: Жыл басынан бері елге алты мыңнан аса ресейлік келген
Еңбек министрлігі Ресейден жұмысшы күші ағылып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды. “Еңбек миграциясы қатаң бақылауымызда” деген шенеуніктер ресми статистиканы келтірді: жыл басынан бері елге алты мыңнан аса ресейлік келген.
Автор: Әзиза Төленби
30.03.2022
Барлығы жұмыс бабымен қоныс аударғандар. Ал былтыр Қазақстанға көрші елден 19 мың адам келіпті.
Елімізде қазір 101 мың Ресей азаматы еңбек етіп жатыр. “Бұдан қорқудың қажеті жоқ”, - дейді вице-министр Ержан Біржанов. Себебі, шетелден келетін мамандардың кәсіби шебер көрінеді. «Көбі ІТ саласында жұмыс істейді» деген дерек келтірді шенеунік.
Ержан Біржанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
- Шетел мамандарының келгенінен қорықпау керек. Ондай үрдістің тиімді тұсы да бар. Мықты мамандар мен ірі IT компаниялар келеді. Бұл білім мен қызмет түрі көбейеді деген сөз. Одан неге қорқамыз? Үлкен компаниялар ашылып жатса, қазақстандықтар көп нәрсе үйрене алады. Жаңа жұмыс орындары пайда болады. Ел қазынасына артық салық түседі. Бұның жақсы тұстары көп.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!