{metadescription}
Гүлмира Сатыбалды жол жөндеуге бөлінген миллиондарды жымқырған
Гүлмира Сатыбалды жол жөндеуге бөлінген миллиондарды жымқырған

Гүлмира Сатыбалды жол жөндеуге бөлінген миллиондарды жымқырған

Белгілі бизнесмен Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды жол жөндеуге бөлінген миллиондарды да жымқырған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазір олигархтың экс-жұбайымен қоса өзге де лауазымды шенеуніктерге қатысты тергеу басталғанын хабарлады. 

Күдіктілер қатарында Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлері мен «Ария-Жаңа Астана» серіктестігінің басшылары бар. Олар жол жөндеуге бөлінген 747 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінген.

Гүлмира Сатыбалдының күйеуі Қайрат Сатыбалды Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің қатарына кіреді. «Қазақтелекомның» қомақты қаржысын жымқырды деп күдікке ілінген ол наурыз айының басында қамауға алынса, көп ұзамай бұрынғы әйелі де бизнесті рейдерлік жолмен тартып алу дерегімен істі болды.

Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғалары мен «АрияЖаңа Астана» ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 млн теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісімен  сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде