{metadescription}
0:000:00
Мембағдарламамен үйін әрең алған  көпбалалы аналар жыларман күйде

Мембағдарламамен үйін әрең алған  көпбалалы аналар жыларман күйде

Баспана емес, қалқиған төрт қабырға ғана! Жылдап кезек күтіп, мемлекеттік бағдарламамен үйге қол жеткізген көпбалалы аналар осылай жыларман болып отыр. Ал сужаңа баспананың берілгеніне үш жыл да болмаған. Және бұл алыс аймақ емес, астанадағы жағдай.

Осындай сапасыз құрылыс пен оны сол күйі қабылдай салатын комиссияның жайы бүгін Мәжілісте де қозғалды. Ел бойынша мұндай үйлердің тым көбейгеніне алаңдаған депутаттар Үкіметтен дереу шара қолдануды сұрады.

Бұл тұрғындар онсыз да іргетасы үгітіліп әзер тұрған баспаналарының жертөлесінен есік шығарып дүкен ашылуына қарсы. Әп-сәтте үйіміз опырылып түсе ме деп уайымдайды. Үйдің астын кәрізбен қатар жерасты суы басқан. Иісі қолқаны қабады. 2019 жылы қолданысқа берілген баспананың сиқы осы. Жұрт аңғал-саңғал күйде алса да, әупіремдеп жүріп жөндеу жұмыстарын жасаған. Бірақ о бастан құрылыс жөнді болмаған соң, одан пайда болмапты.

Данагүл Қаткенова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Біздің үйіміз негізі апатты деп танылған. Сарапшылар шақырып тексеріс жүргізгенде дәлелденген. Бірақ құрылыс бөлімі үйді жартылай апатты деп таныған құжатты қолымызға бермей отыр. 10 жыл кезекте тұрып алған үйіміздің сиқы осы. Сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспана. Бұл тек біздің жанайқайымыз емес. Мемлекеттен үй алғандардың барлығының халі осындай мүшкіл.

Үйдің  жертөлесі ғана емес, тұтас қаусап тұр. Жаңбыр жауса тесік шатырдан саулап су ағады. Соның салдарынан қабырғалар көктеп, иістеніп кеткен. Терезеден соққан желден қыста үйдің іші қара суық. Ал осы үйді жөндеу үшін екі рет қомақты қаражат бөлінгенімен, түк өзгеріс болмапты.

Гүлнар Үмбетова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Түк дайын болған жоқ қой. Мемлекеттік бағдарламамен кезекке тұрып алдық. Берекелі баспана деген. Балконның бәрі ашық болды. Өзіміз жаптық, әйнектерін де. Ас үйдегі, ваннадағы, дәретханадағы  кафельді де өзіміз жапсырдық.

Тұрғындардың сөзінің жаны бар. Жылдап кезек күтіп баспанаға қолы жеткенде шала-шарпы салынған үй алып сан соққан жалғыз бұл азаматтар емес. Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Фахриддин Қаратаев ел бойынша сапасы сын көтермейтін осындай үйлердің санын жіпке тізгендей айттты.

Фахриддин Қаратаев , Мәжіліс депутаты:

- Облыстарда сапасыз салынған үйлерді атап өтсек, мысалы, Шымкент қаласы “Тұран 2” және “Асар” шағынауданындағы тұрғындар тиісті мекемелерге шағымданып наразылық білдіруде.2021 жылы маусымда құрылысы бітпеген төрт қабатты үй құлаған. Кеше НұрСұлтан қаласында 22 наурызда “Сат-Сити” тұрғын үй кешенініің С блогында подъездің төбесі опырылып түсті. Адамдар шығып үйден үлгерген.

Мәжілісмен сауалын үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жолдады. Республикалық комиссия құруды, оның құрамына тұрғын үй алушыларды енгізуді ұсынды. Сондай-ақ барлық облыс, қалалардағы үйлерді қайта тексеру қажет. Олқылық болса, оны қабылдап алушыларды жазаға тарту керек дейді депутат.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде