Бір жыл бойы әр өңірге есірткіні емін-еркін сатып отырған
Қарағанды облысында есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Құрамында 10 адамы бар топ интернет арқылы есірткіні елдің әр өңірінде бір жыл бойы емін-еркін саудалаған. Ғаламтор арқылы синтетикалық есірткі сатуда топтың әр мүшесінің өз рөлі болған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
30.03.2022
Бірі дозаларды дайындаса, екіншісі тапсырыс қабылдайды, үшіншісі есірткі жасырады. Осының бәрін үйлестіріп отыратын әкімшісі де бар. Барлығы Қарағанды мен Теміртау қаласының тұрғындары. Ұстау кезінде күдіктілердің баспанасынан 3 келі синтетикалық есірткі мен сатуға дайындалған 300 дозасы табылды.
Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:
- Олар 2021 жылдың мамыр айынан бастап аса ірі мөлшердегі синтетикалық есірткі заттарын НұрСұлтан, Алматы қалаларында және Қарағанды, ШҚО сатып отырған. Есірткі заттарын қылмыстық топ Телеграм, интернет желісі арқылы сатқан. Қылмыстық топтың жұмысы өте жоғары деңгейде дайындалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!