ТҮРКСОЙ: Бурса қаласы түркі елдерінің басын қосты
Түркияның Бурса қаласы түркі елдерінің басын қосты. Бұл шаһарда ТҮРКСОЙ-дың кезектен тыс кеңесі өтіп жатыр. Басқосу аясында рухани, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
30.03.2022
Осман империясының алғашқы астанасы ретінде тарихта қалған Бурса қаласы биыл түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды. Кезектен тыс жиынға да дәл осы шара себеп болды.
Бір қызығы, іс-шаралар қаңтар, ақпан айларында емес, жылдың бастауы деп саналатын Наурызға жоспарланған.
ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдерден келген өкілдер Бурсаны төрт күн бойы аралап, тарихи, мәдени жерлерді тамашалайды.
Бүгін қонақтар Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан мен Түркияның ұлттық нақышта киінген қыз-жігіттерімен бірге қаланың ескі көшелерімен жүріп өтті. Бұл шеруді көрген жергілікті жұрт мәз-мейрам. Әрі қарай шара қатысушылары Түрксойдың ғимараты орналасқан алаңда салтанатты түрде «Бурса жылын» ашты.
Бауыржан Датқаев, ТҮРКПА әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссиясының хатшысы:
- ТҮРКСОЙ негізі өзінің дәстүрі бойынша жыл сайын осындай түркі қалаларын түркі әлемінің астанасы ретінде тағайындайды. ТҮРКСОЙ шеңберінде Наурызға ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан осы Наурызға туралап, бүкіл іс-шаралар соған дайындалған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!