{metadescription}
Алты облыстағы 160-қа жуық елдімекенге тасқын қаупі төніп тұр
Алты облыстағы 160-қа жуық елдімекенге тасқын қаупі төніп тұр

Алты облыстағы 160-қа жуық елдімекенге тасқын қаупі төніп тұр

Қар күрт ерісе су астында қалу қаупі бар елдімекендер аз емес. Төтенше жағдайлар министрлігінің тізімінде елдің алты облысынан жүз алпысқа жуық елдімекен бар.

Батыс Қазақстан облысында 49, Қостанай облысында 34, Ақмола облысында 25, Шығыс-Қазақстан облысында 19, Ақтөбе облысында 17, Солтүстік Қазақстан облысында 13 елдімекен еріген су астында қалуы мүмкін. Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының таулы аймақтарында қар қалың түскен. Тау өзендерінің тасу қаупі жоғары. Төтенше жағдайлар министрі көктемгі тосын жағдайға дайын емес 200-ге жуық әкімге ескерту жасады. Шамамен 50 жергілікті мекеме айтылған сын-ескертпеден нәтиже шығарған. Министрлік елдің оңтүстік аймағында екі жарым мың эквакуациялық орталық дайындаған. Бірақ тұрғындар да қауіпсіздік үшін атсалысуы керек дейді министр Ильин.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Алдағы демалыс күндері біз таулы жерлерде тұратын тұрғындардан қар көшкінінің астында қалмау үшін тауға бармауын сұраймыз. Ал елдімекен аумағынан қарды толығымен шығаруға болмайды. Сол себепті  халық үйлерін еріген судан қорғау үшін әрекет жасауы керек. Су төгетін арнайы ойық  қазып, іргелес арық желісін тазалаңыз. Бұл іс-шаралар қалалар мен елдімекендер аумағын абаттандыру үшін де қолданылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде