{metadescription}
Зейнетақы қорындағы жеткілікті шекті жарату мерзімі ұзартылмайды
Зейнетақы қорындағы жеткілікті шекті жарату мерзімі ұзартылмайды

Зейнетақы қорындағы жеткілікті шекті жарату мерзімі ұзартылмайды

Зейнетақы қорындағы жеткілікті шекті жарату мерзімі ұзартылмайды. Еңбек министрінің сөзінше, бұл туралы нақты ұсыныстар түскен жоқ. Сол себепті ертеңнен бастап зейнетақы жинағын пайдалану үшін ең төменгі жеткілік шегі шамамен екі есеге өседі.

Министр Серік Шәпкенов қордағы ақшасын алуға асыққандарға зейнет жасын да ойлап қойыңыздар деп басу айтты.

Серік Шәпкенов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты азаматтар қомақты зейнетақы алу үшін жинайды. Қазір ондағы  бар ақшаны алып қойсақ, ертең уақыт келгенде ең төмен зейнетақыға шықса, бұл дұрыс па? Сондықтан министрлік бірінші кезекте болашақ зейнеткерлердің құқығын қорғайды. Біздің ұстанымымыз: адам зейнет жасына жеткенде, өзіне жететін зейнетақысы болуға тиіс.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі зейнет жасында ғана емес, қазір де жайлы өмір сүруге жалақысы жететінін мәлімдеді.

Президент жариялаған мораторийге сәйкес алдағы бес жылда министр, депутат, әкімдердің жалақысын көтеруге тыйым салынған. Десе де кей жұмыс берушілер қызметкерлерінің талабын ескеріп, қажет болған жағдайда жалақысын көтеру қажет дейді Серік Шәпкенов. Себебі: қымбаттаған азық-түлік пен коммуналдық төлемді елемеу мүмкін емес.

Серік Шәпкенов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Барлық кәсіпкерлік субъектілерді, жұмыс берушілерді, мүмкіндік болса, өз жұмысшыларын қолдауға және жалақысын көтеруге шақырамын. Егер қызметкерлерде жұмыс берушіге өтініш болса, онда басшылық татуластыру комиссиясын құрады, онда мәселелер талқыланады. Содан соң тиісті шешім қабылданады. Егер біреу комиссия шешімімен келіспесе, еңбек арбитражы құрылады. Онда қазірдің өзінде еңбек инспекторлары бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде