Отбасы банкі: Бес теңге аударғысы келгендер болды
Бес теңге аударғысы келгендер болды! «Отбасы банкіне» зейнетақы қорындағы артылған ақшасын жібергендер арасында ақылға қонымсыз сома көп болыпты. 161 салымшы 40 теңге мен 2 мың теңге, 600-ден астам салымшы 200 миллин мен 6 миллиард аралығындағы қаражатқа өтініш жіберген.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
31.03.2022
Банк қызметкерлері осындай адамдардың кесірінен көп уақыт жоғалттық деп отыр.
Осы айда «Отбасы банкіне» жинақтың бір бөлігін жіберуге асыққан отандастарымыздың саны 870 мыңнан асып жығылған. Бұл рекордтық көрсеткіш. Соның 400 мыңға жуығы қаражатты өз мақсатына жұмсапты. Көбі қордағы ақшасын депозитке құюды немесе ипотека арқылы үй алуға пайдаланған. 200 мыңнан астам адам жинағын ем-домға аударыпты. Құрылыс пен жер телімін алуға ниет білдіргендердің үлесі аз. Ал жинақтағы қаражат арнайы шотқа түскеннен кейін оны пайдалануға 20 жұмыс күні беріледі.
Сәуір айынан бастап зейнетақы қорында қалуы тиіс қаражаттың шекті мөлшері екі есеге дейін өседі. Соған қарамастан «Отбасы банкі» салымшылардан өтінішті бұрыңғыдай қабылдай бермек.
Жанар Жолтаева, «Отбасы банк» АҚ баспасөз хатшысы:
- Қоғамда қауесет жүр: 1-сәуірден бастап адамдар зейнетақы қорындағы ақшасын ала алмай қалады деген. Негізінде олай емес. Бұл жұмыс әлі де жалғаса береді. Тек қана жеткілік шегі өседі. 29-наурызға дейін өтінішін бізге жолдап үлгерген азаматтыбіз екі жұмыс күні ішінде қарастырып, БЖЗҚ-ға жібереміз. 31-наурыздың 23:59 уақытына дейін қорға түскен қаражат қазіргі шекті мөлшермен есептеледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!