{metadescription}
Delta Bank менеджерлері 200 млрд теңге, 200 млн доллар, 4 млн еуро жымқырған
Delta Bank менеджерлері 200 млрд теңге, 200 млн доллар, 4 млн еуро жымқырған

Delta Bank менеджерлері 200 млрд теңге, 200 млн доллар, 4 млн еуро жымқырған

Delta Bank-тың топ-менеджерлері 200 миллиардтан астам теңге, 200 миллион АҚШ доллары мен 4 миллион еуро көлемінде қаражат жымқырған. Тергеуді аяқтаған қаржы мониторингі агенттігі осындай дерек жариялады. Айыпталушылар қазір қамауда отыр. Ал іс сотқа жолданған.

Салтанат Көшербаева, Қаржылық мониторинг агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі:

- 2012-2017 жыл аралығында Тілеубаев қайтарымсыз несие беру арқылы банк қаражатын шығарғаны анықталды. Заңсыз несиелерді компанияның есебінен квазимемлекеттік секторларға, ірі коммерциялық ұйым мен жеке және заңды тұлғалардың атына депозит ретінде рәсімдеген. Қазіргі уақытта іс сотқа жіберілді.

Delta Bank акционері, олигарх Нұрлан Тілеубаев «Еуразиялық банк», Bank RBK және Qazaq банкінде жасаған қаржылық қылмыстары үшін Жомарт Ертаевпен бірге 9 жылға бас бостандығынан айрылып, қазір жазасын өтеп жатыр. Банкпен қатар астық егумен де айналысқан кәсіпкер Қазақстандағы бай адамдарының бірі ретінде Forbes журналының тізіміне енген.

Қаржы мониторингі агенттігі банктің топ-менеджерлерімен қоса, оларың туыстарын да тергеген. Олардан жалпы құны 48 миллиард теңгеден асатын мүлкіне, атап айтсақ: 5 қант зауыты, 20-дан астам жер телімі мен 70 жылжымайтын мүлік және 40 көлігі бұғатталды. Бұған қоса Біріккен Араб Әмірліктері мен Ресей, Латвия және Чехиядағы активтерін пайдалану мүмкіндігін де шектеді.

Delta Bank осыдан бес жыл бұрын лицензиясынан айырылып жұмысын толық тоқтатқан. Артынша қаржы ұйымының салымшыларға 80 миллиард қарызы бары анықталды. Былтыр ақпан айында бұрынғы топ-менеджерлері ұсталып, тергеу бір жылдан аса жүргізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде