{metadescription}
Полиция ғимараты мен әуежайға шабуыл жасағандардың бірі ұсталды
Полиция ғимараты мен әуежайға шабуыл жасағандардың бірі ұсталды

Полиция ғимараты мен әуежайға шабуыл жасағандардың бірі ұсталды

Қаңтар оқиғасы кезінде полиция ғимараты мен Алматы әуежайына шабуыл жасағандардың бірі құрықталды. Көліктегі полиция департаменті бейнебақылау камерасындағы жазбаларды қарап, 24 жастағы Жамбыл облысының тумасын қамауға алған.

Қаскөй 5-қаңтарда бүлікшілермен бірігіп қару-жарақ дүкенін тонаған. Нысаннан екі атыс құралын ұрлап, сыбайластарымен бірге әуежайға шабуыл жасайды. Кейін өзге де сыбайластарымен қаладағы полиция департаментін таңғы сағат алтыға дейін қоршауда ұстапты. Тіпті көшелердегі бақылау камераларына дейін оқ атқан. Жаппай тәртіпсіздік аяқталған соң қолды қылған қаруды белгісіз біреуге 40 мың теңгеге сатып жіберіпті.

Тұрақты жұмысы жоқ күдікті Алматыдағы жалдамалы пәтерінде ұсталды. Ол кінәсін толық мойындап, қамауда отыр.

Қаңтардағы бейберекетсіздікке қатысты тек әуежай бойынша 100-ден аса іс тергеліп жатыр. 

Теміржан Рамазанов, ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- Бұл азамат ұсталып, уақытша қамау изоляторында отыр. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Кінәсін мойындады. Оған 272 баб 4-ші тармақ, 287 және 188 бабтары, нақтырақ айтсақ, шабуыл, бұзақылық, ұрлық бойынша іс қозғалды. Өзге де сыбайластарын бейнебақылау камерасы арқылы іздеп жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде