{metadescription}
Сенаторлар: Шаруаларға несие беретін аграрлық банк керек 
Сенаторлар: Шаруаларға несие беретін аграрлық банк керек 

Сенаторлар: Шаруаларға несие беретін аграрлық банк керек 

Қазақстанға аграрлық банк керек. Олар шаруалар мен диқандарға арзан әрі ұзақмерзімді несие беруге тиіс. Бүгін осындай бастама көтерген сенаторлар отандық ауыл шаруашылығы секторына қаржылай көмекті күшейтуді сұрады. Алкепілге шаруалардың жері мен мүлкін алуды ұсынып отыр. 

Қазақстан ауыл шаруашылығын дамытуға өте қолайлы болғанымен, Үкімет соны толық пайдалана алмай отыр деп қынжылады депутаттар. Минералды тыңайтқыштардың қымбаттығы, суармалы жерлердің нашарлығы, кәріз жүйесінің тазартылмауы сияқты мәселе шаш етектен. Сондықтан тұқым салғанға дейін басталатын мәселелерді оңтайлы шешу үшін ауыл шаруашылығын қаржыландыратын салалық банк ауадай қажет деп есептейді. 

Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты:

- Бірыңғай экономикалық кеңістікте жұмыс істеуде бірдей жағдай жасау және еліміздің азық-түлік қаіпсіздігін қамтуда отандық шаруалардың бәсекелес қабілетін арттырып, арзан ұзақ мерзімді несие беруі үшін. Осы кезге дейін Парламент қабырғасында бірнеше рет көтеріліп, бірақ шешімін таппай жатқан біздің елімізде де осындай арнайы мамандандырылған ауыл шаруашылығы банкін ашу мәселесін арнайы қарауыңызды, оның оң шешілуін бүкіл шаруалар күтіп отырғанына назар аударғымыз келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде