Үш қаланың бүкіл жедел әрекет ету қызметін аяғынан тік тұрғызды
Бір мезетте үш қаланың бүкіл жедел әрекет ету қызметін аяғынан тік тұрғызды. Нұр-Сұлтан, Алматы мен Қарағанды қалаларындағы көпшілік шоғырланатын орындарына жарылғыш зат қойылды деп жалған ақапарат таратқандар іздестіріліп жатыр.
Автор: Диана Қадыр
31.03.2022
Бұзақылардың кесірінен Алматы әуежайының жұмысы тоқтап, алты рейстің ұшу уақыты кейінге шегерілді.
Полицияға қоңырау шалғандар әуежайдан өзге алты нысанға бомбы қойылғанын айтқан. Олардың арасында үш банк, екі сауда орталығы және жоғарғы оқу орны бар. Тәртіп сақшылары мен төтеншеліктер жеткенше, ғимараттардағы бар адам сыртқа шығарылды. Ал студенттерді үйіне таратыпты. Бірнеше сағат тексеру жүргізген мамандар аталған нысандарда ешқандай жарылғыш зат таппаған. Кейін қауіп сейіліп, банк пен сауда орталықтарының қызметкерлері жұмысына қайта оралды. Әуежай да қалыпты жұмыс істеп тұр. Ал жалған ақпарат таратқандар әлі ұсталған жоқ.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:
- Жарылғыш затттардың орнатылғаны жайында бірінші ақпарат тәуліктің бірінші жартысында түсті. Барлық нысанға тексеру жүргізілді. Арнайы мамандар жұмылдырылды. Нәтижесінде бұл ақпарат жалған болып шықты. Қазір ҚК 273-бабымен қылмыстық істі тергеу аясында бұл жалған ақпаратты таратқан азамат анықталуда. Ол міндетті түрде қылмыстық жауапқа тартылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!