{metadescription}
Павлодарда қарақұмық бағасын негізсіз қымбаттатқан
Павлодарда қарақұмық бағасын негізсіз қымбаттатқан

Павлодарда қарақұмық бағасын негізсіз қымбаттатқан

«Қарақұмық бағасын түсірсін!» Павлодар облысындағы монополияға қарсы реттеу департаменті қарақұмықты негізсіз қымбаттатқан алыпсатарларға бір ай ішінде бұрынғы бағаны қайтаруды талап етті. Олар өзара уағдаласуы мүмкін деген күдікке ілігіп отыр. 

Департамент мамандары мониторинг кезінде әлеуметтік азық-түлік ішінде қарақұмық бағасының шарықтап кеткенін байқаған. Келісін 500-ден мың теңгеге дейін көтеріп жіберген. Көтерме саудамен айналысатын «Царская каша КZ» және Grano-PV компаниялары бір жылдан аса уақыт қарақұмық бағасын қымбатқа сатып келген. Тексерушілер оларға әзірге тек ескерту жасады. Дақылды 30 күнде бұрынғы бағамен саудаламаса, тергеу басталады. 

Бейбіт Молдабеков,ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы департаментінің басшысы:

- Міне, біз екі акті толдырдық.Уақыты 18наурыздан басталады. Заң бойынша олар бір ай ішінде жауап беруге, болмаса қарақұмық бағасын төмендетуге тиіс. Олай жасамаған күнде олардың әрекетін тергеуге құқымыз бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде