{metadescription}
Батыс өңірде тасқыннан бірнеше ауылға қауіп төнді
Батыс өңірде тасқыннан бірнеше ауылға қауіп төнді

Батыс өңірде тасқыннан бірнеше ауылға қауіп төнді

Еліміздің батыс өңірінде тасқыннан бірнеше ауылға қауіп төнді. Қырдан аққан су Батыс Қазақстан облысындағы Қаратөбе ауданындағы мектепті құлатып кетті.

Шалғын деген шағын ауылдың тұрғындары су бағытын бұруға бар күшін салған. Трактормен құм тасып жолын бөгеуге де тырысыпты. Бірақ ішіне су толған ескі мектептің бір бөлігі ақыры ылғалға шыдамай құлады. Ішіндегі бар мүлкі де бүлінді. Суға малынған кітаптар мен құжаттарды мұғалімдер жинап алып, үйіне алып кеткен.

Ал Атырау облысындағы Ноғайты өзені арнасынан тасып Сағыз ауылын әбігерге салды. Жағалауға жақын 60 үйдің тұрғындарын дереу көшіруге тура келді. Оларға орта мектеп пен колледжден түнейтін орын дайындалғанымен, ол жаққа барудан барлығы бас тартты. Ауылдағы ағайындарының үйіне кеткен.

Ноғайты Сағыздың қақ ортасынан ағады. Жаз бойы құрғап жататын бұл өзен соңғы 10 жылда үш метрге дейін көтеріліп, алғаш рет арнасынан тасыды. Тасқыннан қауіптенгенімен, жыл сайын қуаңшылықтан қиналған халық бұған қуанып отыр.

Жантөре Демешов, Атырау облысы ТЖД бөлім бастығы:

Автокөлік тас жолын жасап жатқан мердігер мекемелер, ауыл тұрғындарының күшімен су келіп жатқанда өзеннің екі жағына дамбы соғылды. Үйлерге қауіп төнген жоқ. Су басқан жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде