Теңге бағамын ұстап тұруға 1 миллиард доллар жұмсалған
Ұлттық банк теңге бағамын ұстап тұру үшін наурызда бір миллиард долларға жуық ақша жұмсаған. Мұндай тәуекелге бармаса, көк қағаздың теңгеге шаққан бағамы 700-ге дейін баруы мүмкін екен.
Автор: Әзиза Төленби
01.04.2022
Бірақ интервенция жасау соңғы шешім болмауы керек. «Өйткені мұндай шешім әп-сәтте ұлттық қордағы ақшаны тауысып тынады», - дейді экономистер.
2022 жылдың 15-наурызында АҚШ доллары 512 теңгеге дейін жеткен болатын. Бұл қарапайым тұрғынның қалтасын қағып, барлық саланы шарпып өтпей қоймады. Әсіресе тауарды сырттан таситын шағын және орта бизнестің жұмысына айтарлықтай кедергі. Экономистер теңге тұрақтылығын сақтап қалу үшін импортты азайту қажет деп есептейді. Ал қазіргі бағаның қаншалықты тұрақты болатыны әлемдегі геосаяси жағдайға тікелей байланысты.
Бауыржан Исабеков, экономист:
- Ұлттық қорды осылай жарата берсек, 89 айға ғана жетеді екен. Яғни осы серпінмен жасай берсек, Ұлттық қордың деңгейі саяздап, ал оның негізді мақсаты біздің болашаққа арналған болатын. Сондықтан өз түпнұсқасын орындауда бұның оң және теріс көрінісі бар екені рас.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!