{metadescription}
Жетісу облысына 352 елдімекені бар 8 аудан мен 2 қала кіреді
Жетісу облысына 352 елдімекені бар 8 аудан мен 2 қала кіреді

Жетісу облысына 352 елдімекені бар 8 аудан мен 2 қала кіреді

Жаңа құрылатын Жетісу облысына 352 елдімекені бар 8 аудан мен екі қала кіреді. Екі облыстың шекарасы сызылып, схема картасы да дайын болған.

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев аймақ екіге қалай бөлінетінін Мәслихаттың кезектен тыс отырысында егжей-тегжей айтып берді. Жобаны Мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. 

Қанат Бозымбаев, Алматы облысының әкімі:

- Алматы облысының аумағына 380 елдімекен, 9 аудан мен 1 қала кіреді. Алматы облысын бөлу жөніндегі міндеттің орындалуы екі өңір экономикасының дамуына теріс әсер етпейді. Керісінше, 2025 жылға дейінгі көрсеткішті елеулі ұлғайтуға қосымша жаңа мүмкіндіктер пайда болады.

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, орталығы Қапшағай қаласы болатын жаңа облыстың құрамына Алматының айналасындағы саяжайлар да кіреді. Жалпы аймақтағы халық саны 2 млн-нан асып жығылады екен. Облысты бөлу жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылған. Олар шығын көлемін, штат санын қайта бөлу, мемлекеттік органдарды орналастыру сияқты мәселелерді пысықтауда.

Өңір басшысы мемлекеттік қызметкерлер санын 448 адамға көбейту жоспарланғанын жеткізді. Қапшағай қаласының жаңа бас жоспары да әзірленіп жатыр. Жауапты министрліктерге ұсыныстар жіберілген. Облыс аумағын екіге бөлу жобасы Үкіметке жолданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.