Синоптиктер: Барлық өңірде күн күрт ысиды
Көктемнің екінші айында еліміздің бар аумағында ауа температурасы күрт ысиды. Мұны мамандар Ираннан келетін жылы ауа ағымдарымен байланыстырады. Соның салдарынан республикамыздың оңтүстігінде сынап бағаны алдағы демалыста +25 градусқа дейін көтеріледі.
Автор: Салтанат Шырынхан
01.04.2022
Болжам бойынша осы ай құбылмалы екен. Яғни сәуірдің басында еліміздің солтүстігі мен орталық өңірінде күн күрт жылынып, түнде плюс 7, күндіз +18 градус жоғары болады деп күтілуде.
Ал батыста Қара теңізден келетін циклонның әсерінен жауын-шашын түсіп, жел тұрады. Артынша +22 градусқа дейін ысиды.
Осылайша шығысқа қарай жылжитын циклон республиканың қалған бөлігінде де тұрақсыз ауа райын қалыптастырады.
Сәуірдің ортасына қарай солтүстікте жауын-шашын, оңтүстікте найзағай күтіледі. Алайда салқын ауа температурасы ұзаққа созылмайды дейді мамандар.
Күн- райы ашылып, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде күндізгі ауа температурасы қалыпты нормадан үштен 8 градусқа дейін жоғары болмақ.
Ал оңтүстік пен батыста термометр бағамы +10+15 градусқа дейін көтеріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!