{metadescription}
Екі ерікті мұқтажға үй алып беру үшін Алматыға жаяу шықты
Екі ерікті мұқтажға үй алып беру үшін Алматыға жаяу шықты

Екі ерікті мұқтажға үй алып беру үшін Алматыға жаяу шықты

Маңғыстаулық екі ерікті Алматыға жаяу жолға шықты. Мақсаты – төрт бала асырап отырған жалғызбасты анаға үй алып беру. Олар дорбасына тек киім мен жолға қажет заттарды алған. Бір ай бойы ораза ұстайтындар артық тамақ та алмапты.

Ұзақ сапарға шыққан еріктілер жолда кезіккен қиындық пен қызықтарын әлеуметтік желіде жариялап отырмақшы. Басты мақсат – жалғызбасты анаға үй сатып алып беру. Ол үшін сол отбасындағы үлкен ұлдың добын ғана алған. Оны Алматыға жеткенше жол-жөнекей сапалы бұйымдарға ауыстырып, соңында үй алуға жететін ақша жинаймыз дейді. Әзірге Атырау, Орал, Ақтөбе, Арал, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз қалаларына аялдамақшы. Олар осы уақытқа дейін әлеуметтік желе арқылы бір жарым миллион теңге жинап қойған. Бірақ бұл қаражат жеткіліксіз. Сондықтан қайырымдылық сапарын ұйымдастыруды жоспарлапты. Еріктілер Рамазан айы біткенше Ақтауға қайта оралмақшы.

Жалғас Сәдуов, ерікті:

- Екі баласы эпилепсиямен ауырады. Сол отбасыға баспана алып беру мақсатымен жолға шықтық. Балғожа деген үлкен баласы осы допты бізге аманат етіп тапсырды. Енді біздің мақсат – әр өңірде сатылған допты ауыстырып, үйге дейін жету. Басқа өңірлердегі еріктілер, жалпы қарапайым адамдар бізді күтіп аламыз, қолдаймыз деп отыр. Атырау қаласынан кеше бізге хабарласты, допты екі күн бұрын алған iPhone 13 Pro Maxқа ауыстырамын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.