{metadescription}
Орталық өңірге де еріген қар суы жайылды
Орталық өңірге де еріген қар суы жайылды

Орталық өңірге де еріген қар суы жайылды

Еліміздің орталық өңірлеріне де қызыл су жайылды. Ақмола облысы Қоянды ауылының жұрты көшелерді басқан судан аяқ алып жүре алмай қалса, Қарағандының маңындағы жазықтан аққан еріген қар шеткері аудандарға кіріп жатыр.

Қоянды ауылындағы қар қыста сыртқа шығарылмай тау төбе болып үйілген.  Ол ерігенде ел суға белуардан батты. Оқушылардың мектепке қатынауы да қиындаған. Ауылдан он бір мың текше метр су шығарылған. Соған қарамастан қызыл судың қайтар түрі жоқ.

Ал Қарағандыда коммуналдық қызмет түннен бері толассыз келіп жатқан суды тоқтата алмай әлекке түсті. Бөгет салғанмен, оны су бұзып кетіп, үйлердің жертөлесіне кірді. Қазір тасқын қарқыны басылды. Жертөлеге кірген суды сорып, кептірген. Қала басшылығы биыл қар көп, күн күрт жылынып арықтар бітеліп қалды, келесі жылдан бастап даладағы су қаланы айналып кететіндей қам жасаймыз деп отыр

Ермағанбет Бөлекбаев Қарағанды қаласының әкімі: 

- Бұл жерде нқсерлік желі салынатын болады. Судың бәрін онда басқа жаққа бұрып жібереміз. Оның әр жағындағы үстінде канал немесе басқа да иженерлік құрылым салынатын болады. Сонда су бұл жаққа келмейді. Жоспармен  биыл құжаттарды сараптамадан өткізуіміз керек. Келесі жылдан бастап кірісеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.