Ақтөбеде бір үйір жылқы өзен арнасында қалып қойған
Ақтөбеде өзен арнасында қалған бір үйір жылқы құтқарылды. Тұяқты жануарлар су келгенге дейін Елек өзенінің табанында жайылып жүрген. Қатты ағыспен қызыл су лап қойғанда жағаға шығып үлгермеген.
Автор: Жаңалық Ахаш
05.04.2022
- Бір үйір жылқы суда қалып, қазір құтқарып жатырмыз. Осы бағытта жылқыларға қарата қайықпен жүзіп келеміз.
Судан үріккен бір үйір жылқы өзен ортасындағы төбешікке үйірілген. Құтқарушылар оны жағаға жеткізу қиын болғанын айтады. Себебі: жағалау мен екі аралық 400 метрдей және ағыс екпіні уақыт өткен сайын күшейген. Құтқарушылар алғашқыда жылқыны жаппай айдап өткіземіз деп ойлаған.
Қазір Ақтөбе облысында тасқын қаупі іп сейілмей тұр. Жолдарды су шайып, қатынас үзілген ауыл саны тоғызға жетті. Осы уақытқа дейін 120 үйді су басып бір баспана бұзылған.
Енді Ақтөбе аймағында еріген қар суынан бөлек, жаңбыр да жауып тұр. Синоптиктер осы апта өңірде ауа райы жауынды болады деп болжайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!