{metadescription}
0:000:00
Алматы облысы жолдарынан 130-дан астам ақау анықталды

Алматы облысы жолдарынан 130-дан астам ақау анықталды

Небәрі төрт айда Алматы облысы жолдарынан 130-дан астам ақау анықталған. Өйткені елімізде жол жөндеу саласында 1500 адам жұмыс істесе, оның 190-ы ғана дипломы бар маман екен әрі жол салуға міндеттелген мердігер компаниялар материалды үнемдеп, ісіне немқұрай қарайды.

Соның салдарынан апандай  шұңқырлар мен тас-талқаны шыққан жолдардың азабын халыұ тартып отыр.  

Мәулен Әліпов, Жол активтері ұлттық сапа орталығының Алматы облысы филиалы директорының міндетін атқарушы:

- Конкурс өткізген кезде бағасын төмен беріп ұтып алып, мердігер мекеме материалды үнемдей бастайды. Содан қате кетіп жатады. Техникалық бақылау қызметі жұмысын толық атқармаған жағдайлар бар. Соның салдарынан жолдар сапасыз.

Ұлттық сапа орталығы білікті кадр мәселесін шешу үшін өңірлерде оқыту семинарын өткізуді бастады. Жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері қатысқан жиында жол салу жобасының егжей-тегжейі айтылды. Сондай ақ асфальттің сапасын анықтап, битумның пайдалану мерзімін сынайтын зертхананы көрсетті. Жол технологиясының дұрыс жасалуын жіті бақылайтын олар шұрық-тесік жолдардың болуы техникалық қадағалаудың әлсіздігі деп отыр.

Арман Қайырбеков, Жол активтері ұлттық сапа орталығы директорының орынбасары:

- Өткен жылы ұлттық сапа орталығының арқасында мемлекеттік сәулет басқармасы 24 техникалық қадағалаудың лицензиясы тартылды, 40 миллиондай айыппұл салынды. Бүгін жинағанымыз жергілікті атқаратын органдарының қызметкерлері. Кәдімгі жолға шығатын, тексеретін, қабылдайтын мамандарды оқытамыз.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.