{metadescription}
Ақтөбеде су басқан 100-ден аса үйді комиссия тексеріп жатыр
Ақтөбеде су басқан 100-ден аса үйді комиссия тексеріп жатыр

Ақтөбеде су басқан 100-ден аса үйді комиссия тексеріп жатыр

Бір апта бұрын тасқыннан зардап шеккен Ақтөбеде арнайы комиссия бүлінген үйлерді тексеруге кірісті. Олар қызыл су кірген шаңырақтардың шығынын анықтап, құрылыс материалдарымен шұғыл көмек беруге тиіс. Өйткені тасқыннан 100-ден аса тұрғын мектептердегі эвакуациялық орталықта тұрып жатыр.

Тазагүл Сейітжанова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Стресске түстік. Міне, қан қысымымыз көтеріліп, медбикелер бір сағат сайын дәрідірмек ішкізіп жатыр. Комиссия келіп, тізім жасап, үйдің, аумақтың бәрінің іші-сыртын көріп кетті. Енді бүгін келіндер, қыздар құжат толтырып әкімдікте жүр.

Ақтөбеде 100-ден аса үйді су басқан. Қызыл судың беті қайтқанымен, ылғал кірген баспананың барлығының едені көтеріліп, қабырғасы сыз тартқан.      

Қазір комиссияны екі ауданға бөліп, тексерушілер үйлерді аралап жүр. Әкімдіктегілер тасқыннан зардап шеккендерге ең алдымен құрылыс материалдарымен көмек беретінін айтады. Ол үшін жергілікті бизнесмендердің демеуіне иек артып отыр. «Аймақта төтенше жағдай жарияланбағандықтан, тұрғындардың бас-басына ұстата қоятын ақша жоқ», - дейді әкімдіктегілдер. Тек комиссия жалпы шығынды анықтап, бағалаушылардың қортындысынан соң ғана бюджеттің қосымша қорынан қаржы қарастырады.

Абат Көбенов, Алматы ауданының әкімі:

- Біз актіге байланысты бағалаушыға береміз. Ол өзі келіп тұрғынмен бәрін қарайды. Бірақ акті бойынша. Ең бастысы, бар шығынды жазып жатырмыз. Әрі қарай комиссия шешеді. Бюджеттен қандай шығын шығады. Неге десең, бірінші төтенше жағдайлардың заңына сәйкес құрылыс материалдары мен үйдің несіне көмек берілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде