{metadescription}
«Лантус»: Дәріханаларда қазір инсулин тапшы
«Лантус»: Дәріханаларда қазір инсулин тапшы

«Лантус»: Дәріханаларда қазір инсулин тапшы

Дәрі толық жетпей жатыр, Дәріханаларда қазір инсулин тапшы. Қант диабетіне шалдыққандар екпені таппай сабылып жүр – инсулиннің «Лантус» деп аталатын түрі. Тапшылықтың басталғанына үш айдан асқан. Дегенмен дәрі-дәрмек тасымалына жауапты "СҚ-Фармация" компаниясының өкілдері басқа дерек келтіріп отыр. Тілшіміз Нұртілеу Жылқышыбай толығырақ баяндасын. 

Оксана Труфанованың баласы сегіз жылдан бері инсулинге тәуелді. Препараттың «Лантус» деген түрін 2019 жылға дейін мемлекеттен тегін алып жүрсе, соңғы жылдары дәріханадан сатып алады. Қазір тіпті ақшасына да инсулин таппай қалған.   

Оксана Труфанова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Балам инсулинді күніне екі рет салады. «Лантусты». Өйткені басқа препараттан аллергиясы бар. «Лантусты» қазақстандықтардың 70 пайызы қолданатын шығар. Дәріні қазір еш жерден таппай жүрміз.

Қант диабетіне шалдыққандар қолданатын инсулин әсерінің ұзақтығына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі ең сұранысқа ие – «Лантус». Дәріханадағылардың айтуынша, препарат жоқтығынан ел қара нарықтан, әлеуметтік желілер мен интернеттен сатып алуға мәжбүр.

Камилла Коберидзе, дәріхана директоры:

- Кез келген дәрідәрімектің алмастырғышы бар. Яғни инсулині бар дәрі бір емес, бірнешеу. Жылдың аяғына дейін ақырындап біте бастады. Ең басында бір түрі, екіншісі, кейін үшіншісі бітті. Не керек, «Лантуспен» қоса, инсулині бар дәрідәрімектің барлығы қазір жоқ. Жеткізушілер де үндемейді.

Дегенмен дәріханашылардың айтқанын «СҚ-Фармация» өкілі жоққа шығарды. Тапшылық тек Германиядан шығатын инсулиннің «Лантусқа» ғана қатысты екен. Оның өзі 2019 жылдан бастап емханалардан берілмейді. Инсулиннің қалған түрі кепілдендірілген медициналық көмек аясында тегін таратылады дейді олар. 

Айгерім Смайылова, «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметінің басшысы:

- Қазір біз 2021 жылдан бастап отандық тауар өндіруде инсулин сатып аламыз, «Ринглар» деген. Ол уақытында кесте бойынша әрбір медициналық ұйымға жеткізіліп отыр. Тапшылық жоқ. Яғни біз бұл тегін берілетін дәрідәрімектер секторын ғана алып отырмыз. Біз сол секторда қызмет көрсетіп, сол өтінімге сай барлық медициналық ұйымдарды кестеге сай, ұсынымға сай, көлеміне, атауына сай жеткізіп отырамыз. Тапшылық жоқ.

Мамандар тапшы «Лантус» дәріханаға екі аптада келуі мүмкін дейді.

Қазақстан бойынша қант диабетіне шалдыққандар саны 400 мыңнан асады. Оның ішінде 5 мыңы – бүлдіршіндер. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде