{metadescription}
Сүт өнімдері 30 пайызға қымбаттаған
Сүт өнімдері 30 пайызға қымбаттаған

Сүт өнімдері 30 пайызға қымбаттаған

Елімізде сүт өнімдері 30 пайызға қымбаттаған. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов оның себебін шеттен келетін шикізат құнының өскенімен түсіндірді. Ағарғанның өзін былай қойғанда, қаптамасының қымбаттауы өнім бағасын өсіріп жіберген.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Сүт өнімдерінің 60 пайызы – ішіндегі шикізат бағасы. Ол да өсіп бара жатыр. Өйткені жемнің бағасы, басқа да факторлары бар. Мысалы, Ресейден алып келетін қапшықтары да қымбаттап жатыр. Ол да өз әсерін беріп отыр.

«Азық-түлік бағасының өсуіне өткен айдағы теңгенің тұрақсыздығы да әсер етті», - дейді Бақыт Сұлтанов. Оған дүкендердегі дүрбелең қосылған. Соның бір дәлелі – наурыздағы кенеттен қызған қант саудасы. Мұндай жағдай әсіресе үй жанындағы шағын дүкендерге қол болып тұр. Облыс орталықтарында жүргізілген мониторинг нәтижесінде шағын дүкендердің 85 пайызы бағаны негізсіз көтергені анықталған. Енді бұндай тексеру аудандарға шейін жүргізілмек.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Егер әлеуметтік маңызы бар азықтүлік тауарларын алсақ, 1 миллион тоннаға жуық қор бар. Ол өндірушілердің қоймасында, сауда орындарында, жеткізушілердің қоймасында. Осыдан үш ай бұрын 2 миллион тонна болған. Бұл енді үш айдан кейін миллион таусылып, біз дымсыз қаламыз деген сөз емес. Қор толығып отырады. Мысалы, тура бір айдан кейін ерте пісетін көкөністер түсуге тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.