{metadescription}
Әуежайдың қоршауынан секірген тыр жалаңаш жігіт
Әуежайдың қоршауынан секірген тыр жалаңаш жігіт

Әуежайдың қоршауынан секірген тыр жалаңаш жігіт

Терминалды айналып өтпек болған терминатор! Алматы әуежайының темір қоршауынан секірген тыр жалаңаш жігітті көпшілік осылай кино кейіпкерімен салыстырды.

Қоршаудың арғы бетіне өткен соң емін-еркін ұшу жолағында жүріп бара жатқан жалаңаш жігітті куәгерлер телефон камерасына түсіріп алған.    

Полиция департаменті тентек тірлікке барған азаматты бірден ұстады. 25 жастағы ер адам ішімдік ішкен. Психикалық ауытқуы да болуы мүмкін. Өйткені көкшетаулық жігіт Алматыға қашан келгенін, мұндай әрекетке не үшін барғанын түсіндіре алмаған. Осы оқиғадан соң Алматы әуежайы бірден қауіпсіздік шарасын қосымша күшейтуге кірісті.

Ләззат Қасымжанова,  Алматы қаласы көлік ПД ресми өкілі:

- Алкоголь ішімдігін ішу немесе қоғамдық орынға масаң күйде келу, сондайақ ҚК 434-бабы, ұсақ бұзақылық және 564-бабының 4-бөлігі, яғни әуежай аумағында рұқсатсыз жүргені үшін бірден үш әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде