{metadescription}
Абай облысына 2 қала мен 8 аудан кіретін болды
Абай облысына 2 қала мен 8 аудан кіретін болды

Абай облысына 2 қала мен 8 аудан кіретін болды

Жаңа құрылатын Абай облысының құрамына 2 қала мен 8 аудан кіретін болды. Шығыс Қазақстан облысының шекарасы қайтадан сызылып, аймақтың екіге бөлінген картасы мәслихаттың кезектен тыс отырысында көрсетілді.  

Орталығы Семей қаласы болатын жаңа облыстың құрамына Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары өтеді. Сондай-ақ облыстық маңызы бар Семей және Курчатов қалалары осы жаңа өңірге қарайтын болады.

Ал шекарасы 98 мың шаршы километрге қысқарған Шығыс Қазақстан облысына Өскемен мен Риддер қалалары, Глубокое, Зайсан, Қатонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха, Алтай аудандары енгізіледі.  Облыстың әкімшілік орталығы Өскемен болып қала береді. Мәслихат депутаттары президенттің бастамасын бірауыздан қолдап, аймақты екіге бөлу туралы қаулыны Үкіметке жолдады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде