Жаңа партиялардың тізімінде қайтыс болған адамдар жүр
Жаңа партиялардың тізімінде қайтыс болған адамдардың аты-жөні болған. Бүгін әділет министрі партияларды ресми тіркеуге не кедергі болғанын түсіндірді. Әзірге үш партия құжат тапсырған: «Ел тірегі», «Байтақ», «Намыс». Бірақ белсенді топтардың құжаты бірнеше рет қайтарылыпты.
Автор: Әзиза Төленби
07.04.2022
«Ұйымдастыру тарапынан бұзылушылық болған дейді министр. Кей жағдайда адамдардың жеке басын анықтайтын нөмір сәйкес келмесе, кейде мүшелер басқа партия өкілі болып шыққан. Тізімнен өмірден өтіп кеткен тұлғалардың да аты-жөні табылыпты. Адамдарды партия қатарына жаппай тіркеудің де себебі бар. Өйткені тіркеу рәсімі жеңілдетілген жаңа заң әлі күшіне енген жоқ. Сондықтан дәл қазір 20 мың жақтас қажет.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында саяси партияларды тіркеу шегін төрт есеге, яғни 20 мыңнан 5 мың адамға азайтуды тапсырған болатын.
Қанат Мусин, ҚР Әділет министрі:
- Бұл ұйымдастырушылардың жұмысы. Олардың міндеті – тізімді тексеріп, толық тексеріп, онда еш заңбұзушылық болмау керек. Егер олар құжаттарының бәрін дұрыс тексеріп тапсырса, онда тіркейміз. Қазір партияны тіркеу үшін ұйымдастыру тобының саны 1000 адамды қамтуы керек. Ал партияның мүшесі 20 мың болуы керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!