Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанмен шекарадағы шектеулер күшін жояды
Дүйсенбіден бастап Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанмен шекарадағы бар шектеу алынып тасталады. Яғни аталмыш ел азаматтарына елімізге емін-еркін кіріп-шығуға мүмкіндік бар.
Автор: Әзиза Төленби
07.04.2022
Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдапты. Алайда шетел азаматтарына ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтама мен вакциналау паспортын көрсету талабы сақталады. Олар міндетті түрде аталған құжатты көрсетуге тиіс. Ең бастысы, вакциналау паспорты екі елде де мойындалуы қажет. Бұл әуе қатынасына да қатысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
07 ақпан
Серіктестер жаңалықтары