Тасқын: Ақтөбе облысында Екпетал тұрғындары дереу көшірілді
Ақтөбе облысында тасқын қаупі төнген бүтін бір ауыл тұрғындары дереу көшірілді. Ойыл ауданындағы Екпетал елдімекенінің тұрғындары аудан орталығына жеткізілген.
Автор: Жаңалық Ахаш
07.04.2022
Ойыл өзенінің деңгейі көтеріліп арнасынан асқан су жайылып барады. Су жағасына жақын орналасқан Екпетал ауылының шетіне жетіпті. Тұрғындар мал-жанын қалдырмай көшірген. Ойылға жеткізілген 200 тұрғын ағайындарының үйін паналады. Тек екі-үш отбасы мектепке орналастырылды.
Құтқарушылар 300-ге жуық ірі қара мен 500-ден астам ұсақ малды құрғақ жерге айдап апарды. Ал бос қалған ауылды 50 шақты жергілікті тұрғын мен тәртіп сақшылары күзетіп жүр. Сонымен қатар Ойыл өзенінің ауыл жақ бетіндегі ернеуін топырақпен бекітіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!