Үш жасар балаға шатасып антидепрессант берген – Павлодар
Павлодарда дәрігердің нұсқаулығынан шатасқан фармацевтке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол үш жасар балаға антидепрессант препаратын беріп жіберген. Ем орнына есеңгірететін дәрілерді ішкен бала аурханадан бір-ақ шықты.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
07.04.2022
Оқиға қаладағы дәріханаладың бірінде болған. Баласына дәрі алмақ болған келіншек фармацевтке дәрігер жазып берген рецепті көрсеткен. Алайда ол тізімдегіні емес, антидеприсанттарды сатыпты. Оны ішкен бала есеңгіреп, жүрегі айнып құсқан. Ауруханаға жедел жеткізіп асқазанын жуып-шайған соң ғана беті бері қарады. Дәрігерлер баланың жағдайы орташа ауыр деп отыр.
Жанна Белялова, Павлодар облысы ПД баспасөз хатшысы:
- ҚР ҚК 317бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл медицина немесе фармацевтика саласы қызметкерінің өз кәсіби міндетін тиісті деңгейде атқармауы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!