{metadescription}
Қаңтар оқиғасы: Президент резиденциясын сүруге 6 миллиард бөлінеді
Қаңтар оқиғасы: Президент резиденциясын сүруге 6 миллиард бөлінеді

Қаңтар оқиғасы: Президент резиденциясын сүруге 6 миллиард бөлінеді

Қаңтар оқиғасынан кейін күл-талқаны шыққан Алматыдағы Президент резиденциясын сүруге 6 млрд теңге бөлінеді. Оның жартысы резиденция аумағындағы инженерлік корпусты күрделі жөндеуден өткізуге жұмсалады деп жоспарланған.

Ғимарат ішіндегі генератор, үздіксіз қуат беретін және өзге бүлінбеген құрылғыларды шығарып кәдеге жаратуға болады. Тарихи нысанды сүру жұмысы нақты қашан басталатыны әзірге белгісіз. Өткен айда резиденцияны екі ай бойы зерттеген мамандар қайта жөндеу өте қауіпті деген тұжырымға келген еді.

Президент резиденциясында қазір тазарту жұмыстары аяқталуға жақын. Алдағы уақытта құрылысшылар сүруге кіріседі. Төрт қабатты ғимаратты бұзуға бюджеттен 6 млрд. теңге бөлу жоспарланған. Президент іс басқармасының мәліметінше, ең алдымен ғимарат ішіндегі дизель-генератор, үздіксіз қуат беретін және өзге бүлінбеген құрылғыларды шығарып, кәдеге жаратылмақ. Сосын 2 мыңға жуық тонна металлды қайта өңдеу көзделген.

Президент іс басқармасы:

- Негізгі ғимарат пен іргелес объектілерді бөлшектеуге үш миллиард теңге қарастырылған. Тағы үш миллиард аумақты қалпына келтіруге және инженерлік корпусты қайта құрылымдауға көзделген, ол қаланың теңгеріміне өтетін объектілер. Жұмыстардың орындалуы бюджет өтінімде егжейтегжей көрсетілген. Резиденция аумағындағы дөңнің астында орналасқан инженерлік корпусты қайта қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Ол саябақтың ландшафтына сай. Ішінде трансформатор кіші станция орналасқан, ол жақын маңдағы үйлерге, инженерлік құрылғыларға, қызметкерлерге арналған орынжайларға қызмет көрсетеді. Толық жұмыс істейтін көпбейінді орынжай болады.

Күні кеше қаржы вице-министрі Татьяна Савельева қаңтардағы дүрбелеңнің салдарын жоюға бюджеттен қосымша 31 миллиард бөлінетінін мәлімдеді. Оның 10 миллиарды жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген әкімшілік, әлеуметтік және коммуналдық ғимарттарға, инфрақұрылымды қалпына келтіруге жұмсалса, зардап шеккен шағын және орта бизнес нысандарына 21 миллиард бөлінеді.  

Татьяна Савельева, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:

Биыл шағын және орта бизнесті қолдауға 45 млрд. теңгенің қолдауы көрсетілмек. Оның 24 млрд. теңгесі бүгінге дейін бөлініп қойған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, инфрақұрылымды қалпына келтіруге жалпы 22 млрд теңге қажет. Оның 12 млрд. теңгесі Үкімет резервінен бұған дейін бөлінген. Қалған 37 млрд. теңге резервте қарастырылған. Құжат дайын болғанда бөлінеді.

Бейберекетсіздік кезінде өртенген қаланың әкімдігі ғимаратын қайта қалпына келтіруге 20 миллиард кететіні де айтылған. Ал әкімдіктің ту сыртындағы резиденцияны көпсалалы қайта құру және дамыту институтының мамандары екі ай бойы зерттеп, «сүру қажет» деген шешімге келген. Олар нысанды бұзуға шамамен жарты жыл уақыт кетеді деп отыр. Резиденцияның орнына алматылықтар серуендейтін саябақ салынады. Демалыс орнын ашып, жасыл желек отырғызуға қазынадан тағы миллиардтар бөлінуі мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде