Тараздағы дәмханада бірнеше адамды атып қашқан күдікті ұсталды
Тараздағы дәмхананың бірінде адамдарға оқ жаудырған күдікті қолға түсті. Тапаншамен екі азаматты жаралап, оқиға орнынан із суытқан еді. Халықаралық іздеуде жүрген қаскөй бір айдан кейін Алматыда қолға түсіп отыр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
08.04.2022
36 жастағы күдіктіге қатысты қылмысқа оқталу және адам өлтіру баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Енді оның кінәсі дәлелденсе, 20 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.
Ал күдіктімен бірге болғандар жайында әзірге ақпарат жоқ.
25-ақпан күні қаладағы кафелердің бірінде белгісіз топтар арасында дау туып, сондағы біреуі қарсыластарын атқан. Екі адам ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. Ел арасында «оның біреуі қаза тапты» деген қауесет тарады. Алайда кейін полицейлер бұл деректі теріске шығарды.
Гүлсара Мұқтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы:
- Күдікті кінәсін толық мойындады. Қазір ол Тараз қаласындағы тергеу изоляторында отыр. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!