{metadescription}
БҰҰ: Азық-түліктің әлемдік бағасы рекордқа жетті
БҰҰ: Азық-түліктің әлемдік бағасы рекордқа жетті

БҰҰ: Азық-түліктің әлемдік бағасы рекордқа жетті

Азық-түліктің әлемдік бағасы наурыз айында рекорд көрсеткішке жетті. Әсіресе дәнді дақылдар мен өсімдік майының құны еселеп өскен. Біріккен ұлттар ұйымына қарасты Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы өкілдері мұны Украинадағы жағдаймен байланыстырады.

Мәселен, астық өнімі наурызда 17 пайызға өссе, өсімдік майы 23 пайызға артқан. Айта кететін жәйт: Украина – дүниежүзінде аталмыш тауарды экспорттаушылар арасында көш басындағы елдердің бірі. Ал қант, сүт өнімдері бағасы жеті айдан бері тоқтаусыз өсіп келеді. Әсіресе құрғақ сүт пен сары май қымбаттаған. Ет бағасының индексі де шамамен 5 пайызды құрап рекордтық межеге жетті. Өткен жылдың наурызымен салыстырғанда қант бағасының индексі де 20 пайызға жоғарылаған. БҰҰ бұның тағы бір себебін шикі мұнай бағасының өсуімен байланыстырып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде